Құдай бізді қалай жетелейді

Тема 6

Құдай бізді қалай жетелейді?

Жохан  жазған  Ізгі  хабардың 10:27-де  Иса  былай  дейді:

« Өз қойларым  даусымды  естіп,  бағынады. Мен  оларды  жақсы білемін, олар  Маған  еріп  жүреді»

Құдайдың  өзіңді  тастап  кетпегенін, мына  өмірде  тағдырдың   сынына  лақтырылмағаныңды  білу  қандай  керемет. Құдай  бізді  тастап  кетпегінімен  қоймай,  Ол  біздің  Өзінің  еркімен  жүруіміз,  Оның  жетелеуінде  болуымыз  , Оның  ойын  жүзеге  асыруымыз  үшін,  бізге бар  мүмкіндік  пен құралды  берді.

Римдіктердің 12:2-де  елші  Пауыл  былай  деп  жазады:

«Бұл  күнәкар  дүниенің  өмір  сүру  салтын  үлгі  етпеңдер,  қайта,  ой-  тілектерің  Құдайдың  жаңартуымен  түбегейлі  өзгерсін!  Осылай  сендер  Оның  еркін-  ненің  игілікті,  ұнамды  және  кемелді  екенін  ажырата  білетін  боласыңдар»

Құдай  бізге  деген  Өзінің  сүйіспеншілігін  сөзбен  емес,  ісімен  дәлелдеді,  сондықтан біз  Оның  бізге  деген  ниетінің  игілікті,  ұнамды  және  кемелді  екеніне  сенімді  боламыз,  Ол  шынымен  бізді жетелегісі, өміріміздің  барлық  сферасында,  кез  келген қарапайым  және  қиын  жағдайларда, жай  және  тағдырлы   шешімдерімізде   бізге  көмектескісі  келеді, тек сөзбен  ғана  емес,  қиналған, көңіліміз  қалған, ауырған,  қорыққан,  мұқтаж  болған  және  молшылықта  жүрген   кезімізде  де  біздің   сенімді   Көмекшіміз  болғысы  келеді.

Сонымен  Құдай   бізді  қалай  жетелейді? Оның  қолын,  Оның  ойын  және   әртүрлі  сұрақтар  мен  жағдайларда  Оның  еркін  қалай  білуге  болады?

Құдайдың  басшылығымен   өмір  сүрудің  ең  маңызды шарты- бұл  Құдаймен  ылғи да  қарым-  қатынаста  болу,   Оның  Рухына  сезімтал  болып,    Оның  Сөзі  арқылы  жеке  тірі  қарым – қатынас   орнату.  Осындай  адам ,сөзсіз, Мәсіхте,  жеңімпаз, табысты  және  жемісті  өмір  сүретін болады.

Әрине,  адамның  сол  арқылы  тексеру  керекті  критерийлер  де бар;  біз  Құдайдың  еркіндеміз бе  немесе  біз  өз  жолымызды таңдадық па,  менің  өмірімді  кім басқарады?  Құдай бізді Өзінің  Сөзі –  Киелі  Кітап  арқылы ,  Киелі  Рух,  дұрыс  ақыл – ой, берік  сенімдегі  сенушілер  және жағдайлар  арқылы   қалай  жетелейді? деген  сұрақтар.

Дәуіттің  жыры  31:8- де  Құдай былай  дейді:

« Мен  саған  ақыл-  кеңес  беремін,  Жүретін  жолыңды көрсетемін.  Сені  таса  қылмай  көзімнен,  Әрдайым  жетелеп  жүремін  Мен»

Альфа  бағдарламаның  осы  тақырыбында қатысушылар  Құдайдың  жетелеуін   білудің  маңызды  критерийлерін  нақты  білетін  болады,  өмірлеріне  деген  Құдайдың  еркі  мен  ойын   түсінеді , дұрыс  жолды қалай  табуды  және Құдайдың  жетелеуімен өмір  сүрудің  қаншалықты маңызды екенін  білетін  болады,  сонымен  бірге  басқа да   маңызды  сұрақтарына  жауап  ала  алады.

Свидетельства

Альфа курстарының тақырыптары

Тема №1

ИСА МАСИХ КІМ?

Тема №2

ИСА НЕ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛДЫ?

Тема №3

МЕН ӨЗ СЕНІМІМЕ ҚАЛАЙ СЕНІМДІ БОЛА АЛАМЫН?

Тема №4

Киелі Кітапты не үшін және қалай оқимын?

Тема №5

Қалай және не үшін сиынамын?

Тема №6

Құдай бізді қалай жетелейді?

Тема №7, 8, 9, 10

Киелі Рух жайлы!

Тема №11

Мен қалай зұлымдыққа қарсы тұра аламын?

Тема №12

Басқаларға не үшін және қалай айтамын?

Тема №13

Құдай бүгінгі күні сауықтыра ма?

Тема №14

Қауымға деген көзқарасың қандай?

    Қазақ тіліндегі Альфа-курс жексенбі күні сағат 12.00-де 24 кабинетте өтеді.

    Шіркеу мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 159-В үй