О Святом Духе

Тема 7, 8, 9, 10

Киелі Рух жайлы

Кез келген  адам  шын,  таза  жүрекпен Құдайға  келетін  болса, және сенуші   болатын болса, Құдайдың  заңдары  мен  өсиеттеріне  кездеседі, ол шындықты  түсіне  бастайды да,  оның  ойы еріксіз  өзгере  бастайды. Адам  енді  өзінің  бұрынғыдай  өмір  сүре  алмайтынын түсінеді,  өйткені  шындықты   және Әкенің  сүйіспеншілігін  танып  білді, оның  өмірге  және  айналасында  болып  жатқан  нәрселерге   деген  қарым – қатынасы   түбегейлі   өзгереді.

Жаңа  өмір  бастап, Құдайдың  Сөзіне  сай  өмір  сүруге  тырысып, ол  әртүрлі  қиындықтар  мен қарсылықтарға  тап  болады.

Бірақ  біз  бәріміз  осы  жерде, зұлымдықтың, қатыгездіктің  және  әділетсіздіктің  ортасында  жалғыз  және  қорғансыз  қалған  жоқпыз.

Біздің  Тәңіріміз  Иса  Мәсіх  осы күнәкар  әлемді  тастап  кетіп  бара жатқанда  былай  деп  уәде  еткен болатын:

«Мен  көктегі  Әкемнен  сендермен  мәңгі  бірге  болатын Қамқоршыны  жіберуін  өтінемін,  Ол –  шындықты білдіретін  Киелі  Рух . Осы  күнәкар  дүние  Киелі  Рухты  қабылдай  алмайды,   себебі оны  көрмейді  әрі  білмейді.  Ал  сендер  Оны  білесіңдер,  өйткені Киелі  Рух  сендермен  бірге тұрып,  жан  дүниелеріңнен  орын  алады. Мен  сендерді  жетімсіретпей ,  өздеріңе  қайтып  келемін»  ( Жохан  14:16-18).

Бұл   Киелі  Рух,  яғни  уәде  етілген  Құдайдың  Рухы  жайлы, оны  Құдай  бізге  2000-жылдан  аса  уақыт  бұрын  беріп  қойған. Киелі  Рух- бұл  жеке  тұлға,  Киелі  Рух   қазір  жер  бетінде.

Ол  бізге  Онымен  бірге  жаңа  өмір  бастауымыз  үшін  қажет;  Ол  біздің  ішімізге  өзгеруге  деген  қалауды   және  Құдайдың  қалауымен  әрекет  етуді  салады. Ол  біздің  күнәларымызды әшкерелейді,  Ол  бізге  күш  және  Құдайдың  еркін  орындай  алатын қаблет  береді. Ол  бізді күнделікті  өмірімізде қорғайды  және  жетелейді.  Біз  Оған  кез  келген  жерде  және  кез  келген  жағдайда  үміт  арта аламыз.  Ол  біздің Жұбатушымыз,  ақылгөй  Көмекшіміз  және  досымыз. Ол бізге  даналық  береді, шындықтың  жолына  тәрбиелейді.  Ол  сауықтырады, жігерлендіреді,  және  өмірімізді қалыпқа  келтіреді.

Киелі  Рух  бізге  Құдайдың  ұлы сүйіспеншілігі мен  мейірімінің  арқасында  жіберілді,  бұл Құдайдың  Өзі  бізде  өмір  сүріп  жатыр  дегенді  білдіреді.

Көне Өсиет  кезінде Құдайдың  Рухы  белгілі  бір  уақытта,  белгілі  бір  адамдарға  түскен,  олар  патшалар, дін басшылары, пайғамбарлар  немесе  басқа да  билігі  бар  адамдар  болған. Ал  басқа  адамдар ,  жер  бетіндегі  халықтар  Киелі  рухсыз  өмір  сүрген  және  олар  Құдаймен   жеке, көзбе  көз   қарым-  қатынас  орната  алмаған.  Ол  кездегі  адамдар  өздерінің  ар -ұждандары, өздерінің  қалаулары  және  мол  тәжірибелеріне  сүйеніп  шешім  шығарып ,  соларды  жетекшілікке  алып  отырған.

Енді  қазір Құдай  бізбен  бірге, Киелі  рухымен  барлық  сенушілердің   өміріне  келіп,  Өзін  іздейтіндердің  жүрегінде  өмір  сүреді. Киелі   Рух   бар  адамда  күш  бар.

Елшілердің  істері 1:8-де  былай  жазылған: « Бірақ  Киелі  Рух  өздеріңе  қонғанда  Оның  құдіретін  қабылдайсыңдар.  Содан  сендер  Иерусалимде,  бүкіл  Яһудея мен  Самария аймақтарында  және  жердің  шетіне  дейін  Маған  куә  боласыңдар»

 

Альфа  бағдарламаның    Киелі  Рух  жайлы  маңызды   тақырыптарына  жеке  бір  күн  арналған, қатысушылар  осы  жерде  өздерінің   барлық  сұрақтарына жауап  алады;  мыс: Киелі  Рух  не  істейді,  біз қалай  Киелі  Рухқа  тола  аламыз,   біздің  әрқайсымызға  Киелі  Рух  неге  керек, Оның  даусын  қалай  естуге  болады  және  қалған  өмірімізді Киелі  Рухтың  жетелеуімен  қалай  жақсы өткізе  аламыз.

Свидетельства

Темы Альфа-курсов

Тема №1

Кто такой Иисус

Тема №2

Зачем умер Иисус

Тема №3

Как я могу быть уверен в своей вере

Тема №4

Зачем и как читать библию

Тема №5

Как и зачем мне молиться

Тема №6

Как Бог направляет нас

Тема №7, 8, 9, 10

О Святом Духе

Тема №11

Как я могу противостоять злу

Тема №12

Зачем и как говорить другим о своей вере

Тема №13

Исцеляет ли Бог сегодня

Тема №14

Что в отношении Церкви

    Выберите тип курса:

    Для взрослых Альфа-курс проходит в ВОСКРЕСЕНЬЕ на 3 этаже Альфа зала в 12.00 часов.

    Молодежный Альфа-курс проходит по ПОНЕДЕЛЬНИКАМ на 2 этаже в 19.00 часов.

    Альфа-курс на казахском языке проходит в ВОСКРЕСЕНЬЕ в 24 кабинете в 12.00 часов.

    Адрес Церкви: г. Алматы, проспект Абая, дом 159-В