Құдай бүгінгі күні сауықтыра ма

Тема 13

Құдай бүгінгі күні сауықтыра ма?  Ия.  Сөзсіз.

Құдай  былай  дейді:

« Мен  сендерді  сауықтырушы  Жаратқан  Иемін»  (Мысырдан  шығу кітабы 15:26) .

Киелі  Кітапта,  Көне  Өсиетте де,  жаңа  Өсиетте  де  адамдардың   әртүрлі  аурулардан  азат  болып,   ғажайып  сауықтырулар  алғандары  жайлы  оқиғалар  көп  кездеседі.  Біздің  Құдайымыз  өзгермейді. Ол  кеше,  бүгін  және  мәңгі   Сол  болып  қалады.  Иеміз  Иса  Мәсіх  Өзінің  жер  бетіндегі  қызметі  кезінде   ғажайып  сауықтырулар    арқылы   адамдарға  Құдай  Әкенің    қамқорлығы  мен  сүйіспеншілігін  жиі  көрсетті.

Табиғаттан  тыс  сауықтыру – бұл  Құдайдың  сыйы.  Ізгі  хабардың  төрттен  бірі  сауықтыру  жайлы  айтады.

Ең  бастысы  аурудың  авторының   Құдай  еместігіне  сенімді  болуларыңыз  керек, Оның  қалауы- барлық  адамның   жер  бетінде  сау, бақытты,  күшке  толы  және  жемісті  болып  өмір  сүруі.   Қазіргі  таңда  да   бүкіл  әлемде  Құдайдың  жазылмайтын  аурулардан   адамдарды  ғажайыппен  сауықтырып  жатқаны  жайлы  миллиондаған  адамдардың  куәліктерін   естуге  болады.    Дәрігерлер  мен   профессорлар   үмітсіз  аурулардың  жазылып,  өлгендердің  тіріліп  жатқанын   көргенде  бұның  қалай  және  қандай  жолмен   болып  жатқанын  түсіндіруге  қиналып,  иықтарын  көтереді.   Осындай  ғажайыптар  арқылы Құдай   Өзінің  сүйіспеншілігі,  Өзінің  ұлылығын  және  Өзінің  құдіретін   қайта  қайта   көрсетеді.  Оның  сауықтыру   күші  азайған  жоқ, Ол  кеше,  бүгін  және  мәңгіге  Сол  болып  қалады.

Құдай  ауруларды  Өзі  сауықтырды  және   сауықтыру  үшін  сеніммен   сиынуды   шәкірттеріне  де тапсырды , Ол  бізге  басқа  адамдардың  саулық  алу  үшін  сиынуымызға    күш  береді.  Маңыздысы  сеніп,  ауруды  адам  емес,  Құдайдың  сауықтыратынын  есте  сақтау  керек, адам  тек қана құрал  немесе  Құдайдың  сауықтырушы  күшін  бостатын  канал  ғана.

Альфа  бағдарламаның  осы  тақырыбында қатысушылар   Құдайдың  сөзінің  нұрымен  аурудың  пайда  болу  себептерін ,  қалай  өмір  сүру  керек және  сау болып өмір  сүрудің  қандай  маңызды принциптері  бар  екенін  білетін  болады. Сонымен  бірге сауықтыру  мен  қалыпқа  келу  жолын  көрсететін  тәжірибелермен  танысады  және  басқалардың  саулық  алуы  үшін  сиынуды  үйренеді.

Свидетельства

Альфа курстарының тақырыптары

Тема №1

ИСА МАСИХ КІМ?

Тема №2

ИСА НЕ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛДЫ?

Тема №3

МЕН ӨЗ СЕНІМІМЕ ҚАЛАЙ СЕНІМДІ БОЛА АЛАМЫН?

Тема №4

Киелі Кітапты не үшін және қалай оқимын?

Тема №5

Қалай және не үшін сиынамын?

Тема №6

Құдай бізді қалай жетелейді?

Тема №7, 8, 9, 10

Киелі Рух жайлы!

Тема №11

Мен қалай зұлымдыққа қарсы тұра аламын?

Тема №12

Басқаларға не үшін және қалай айтамын?

Тема №13

Құдай бүгінгі күні сауықтыра ма?

Тема №14

Қауымға деген көзқарасың қандай?

    Қазақ тіліндегі Альфа-курс жексенбі күні сағат 12.00-де 24 кабинетте өтеді.

    Шіркеу мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 159-В үй