Қалай және не үшін сиынамын?
Тема 5
Қалай және не үшін сиынамын?
Адам Құдаймен қарым — қатынаста болу үшін жаратылған. Сиыну — сенуші адамның стилі мен өмір сүру салты, бұл монолог, не біржақты қатынас, не өз мұқтаждықтарыңды санап шығу , не қиын жағдай кезіндегі өтініш, не жаттанды сөздер емес, бұл Құдаймен тірі әңгіме қалыптастыру.
Егер сіз Құдайдың мінезі мен жеке тұлғасын, өз өміріңе деген Оның еркін білгіңіз келсе, Оған жақын болғыңыз , күнделікті өміріңізге Оның рақымын, даналығын, жеткешілігін алғыңыз келсе, онда сиыну- бұл Онымен жақын сенімді қарым қатынас орнататын жалғыз дұрыс жол.
Елші Пауыл Філіптіктерге жазған хаттың 4:6-7- де былай дейді:
« Еш нәрсені уайымдамай, барлық жағдайда өтініштеріңді Құдайға сиынып тілекпен және шүкірлікпен білдіріңдер! Сонда Құдайдың адам ақылынан асқан керемет тыныштығы сендердің жүректерің мен ой – саналарыңды Мәсіх Исада сақтайды»
Сиынудан кейін адам Құдайдың тыныштығына толады, жұбату, қолпаштау, нұсқаулық алады, сиыну біздің қоршаған ортаға деген қарым -қатынасымызды өзгертеді, Құдайдың бізбен бірге екендігіне сенімділік береді.
Альфа бағдарламаның осы тақырыбында қатысушылар бізге қашан және не үшін сиыну керек екенін, Құдай сиынуымызға әрқашан жауап бере ме, Құдай неге кейде үнсіз қалады, сиынудың қандай түрлері бар, қай кезде және қай жерде сиыну керек, Құдай қандай сиынуларды естімейді және неге? ,деген сұрақтарға жауап алатын болады. Және басқа да сиыну жайлы көптеген мағлұматтар алады.