Басқаларға не үшін және қалай айтамын

Тема 12

Тақырып «Басқаларға не үшін және қалай айтамын?»

Кез  келген  мәсіхші  Құдайға  бір  кездері  өзінің  сенімі  жайлы ,Құдаймен  бірге  жүрген  өмірі  жайлы  айтқан  адамға  рахмет  айтады  және  сол  адамды  әрқашан  есінде  сақтайды.

Білмейтін    нәрсеге    сенбеу  керек  екенін  бәрі  біледі, егер  біреу өз  сенімі жайлы  айтпаса  не құтқарылу мен  жарылқаудың  жолын  көрсетпесе, Құдаймен  жаңа  өмір  бастау  мүмкін  емес.

Римдіктерге  жазған  хаттың   10:13-15-де былай  деп  жазылған: «  Себебі иеміздің  атын  атап  Оған  сиынған  әркім  құтқарылады» деп те  жазылған. ( Енді  былай  деулеріңде мүмкін) : «олар  Иемізге  сенбесе,  қалай  Оған  сиынады? Ол  туралы  естімесе,  қалай  сенеді? Оны  ешкім  уағыздамаса,  қайдан  естиді? Ал  Құдай  жібермесе, қалай  уағыздайды?»

Егер  айтатын  біреу  жіберілмесе, қалай  уағыздайды? Былай деп  айтылғандай:  «Ізгі хабарды  жеткізушінің таудан  асып  келгені  қандай  тамаша!»

Құдаймен  татуласқан  және  Иса  Мәсіхті  Өзінің  Құтқарушысы  етіп  қабылдаған  адам бұл  жайлы  үнсіз  қала  алмайды,  өйткені  оны  жүрегі және  өмірінің  барлық  сферасы ақырындап  өзгере  бастайды, бұны  оның  өзі де және  маңайындағы  адамдар  да байқай  бастайды. Оның  жүрегі сүйіспеншілік пен  тыныштыққа толады,  ал  ең  бастысы  осы  жайлы  құтқарылуға, нұрға, шындыққа, тыныштық  пен  сүйіспеншілікке  мұқтаж  адамдарға  айтсам  деген  шын  қалау  пайда  болады.

Басқаларға не үшін және қалай айтамын

Матай  жазған  Ізгі  хабардың 5:13-16-да  былай  деп  жазылған:

«Сендер  жер  бетінде  тұз  сияқтысыңдар.  Ал  егер  тұз  өз  күшінен  айырылған  болса, онысын  қалай  қалпына  келтіруге  болады? Еш  нәрсеге  жарамсыз  болып  шыққандықтан , оны  лақтырып  тастап,  аяқ  асты  ету  ғана  қалады. Сендер дүниеге( Құдай  жолын  көрсететін)  «нұрсыңдар».  Төбе  басына салынған  қала  жасырынып  қала  алмайды.  Ешкім шам  жағып, оны  ыдыспен  бүркеп  қоймайды. Қайта  оны  шам  қойғышқа  қояды, сонда оның  жарығы  үйдегілердің  бәріне түседі.  Сол  сияқты, сендердегі  «нұр»  адамдарға  сәулесін  төксін. Осылайша  олар  игі  істеріңді  көріп,  көктегі  Әкелеріңді  мадақтап  дәріптесін!»

Басқаларға  Ізгі  хабарды  айту  арқылы  біз  Құдайдың  ұлы  тапсырмасын  орындаймыз. Матай  жазған  Ізгі  хабардың  28: 18-20-да   тағы  былай  айтылған:

« Иса  қастарына  келіп  ,   былай  деді:  «Маған  көк  пен  жердің  бүкіл  билігі  берілген!  Сондықтан барлық  халықтарға барыңдар!  Оларды  Менің  шәкірттерім  етіп, Құдай  Әкенің,  рухани  Ұлының  және  Киелі  Рухының  атымен  шомылдыру  рәсімінен  өткізіңдер,  әрі  сендерге  өсиет  еткендерімнің  бәрін де  ұстануға үйретіңдер!  Естеріңде  болсын:  Мен  бұл  дүниенің  ақыр  соңына  дейін  әр  күні өздеріңмен  бірге болып,  сендерге  жар  боламын!»  (Аумин).

«Альфа  бағдарламаның»  осы  тақырыбында қатысушылар  басқаларға  өз  сенімдері   жайлы  қалай  және  не  үшін  айтулары    керектігін  және  Тәңіріміз  Иса  Мәсіхтің  ұлы  тапсырамасының  сенушілер  үшін   нені  білдіретінін  толығырақ  білетін  болады.  Біз  Иса  Мәсіхтің  тарихы  жайлы    рет   ретімен  және  қысқа   айтуды  үйренетін  боламыз.

Свидетельства

Альфа курстарының тақырыптары

Тема №1

ИСА МАСИХ КІМ?

Тема №2

ИСА НЕ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛДЫ?

Тема №3

МЕН ӨЗ СЕНІМІМЕ ҚАЛАЙ СЕНІМДІ БОЛА АЛАМЫН?

Тема №4

Киелі Кітапты не үшін және қалай оқимын?

Тема №5

Қалай және не үшін сиынамын?

Тема №6

Құдай бізді қалай жетелейді?

Тема №7, 8, 9, 10

Киелі Рух жайлы!

Тема №11

Мен қалай зұлымдыққа қарсы тұра аламын?

Тема №12

Басқаларға не үшін және қалай айтамын?

Тема №13

Құдай бүгінгі күні сауықтыра ма?

Тема №14

Қауымға деген көзқарасың қандай?

    Қазақ тіліндегі Альфа-курс жексенбі күні сағат 12.00-де 24 кабинетте өтеді.

    Шіркеу мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 159-В үй