Қауымға деген көзқарасың қандай

Тема 14

Тақырып «Қауымға деген көзқарасың қандай?»

Адамдар  «Қауым»  деген  сөзді  естіген  кезде, көз  алдарына  әртүрлі  бейнелер  келеді;  біреулерге  айқыштың  суреті  мен  үлкен    көп   баспалдақты  әдемі  ғимарат  елестейді,  біреулер  храмның   қабырғасындағы  әдемі    суреттерді  елестетеді,  біреулер  үшін Қауым -рәсімдер,  сиынулар  және  көптеген  жанып  тұратын  майшамдар.

Бірақ  Құдайдың  Сөзінде   Иса  Қауымды  «тірі  организм»   деп   айтады.  Ол  Қауымды  Өзінің  Қалыңдығы,  Өзінің  денесі  деп  атайды. Жазбаның  айтуы  бойынша  Қауым   Құдайдың  отбасы, Құдайдың  халқы,  солай  болса,  Қауым  — бұл  не  ғимарат,  не  бір  құрылым,  не дәстүрлер  мен  рәсімдер  емес,  ол  —  адамдар,  яғни,     әртүрлі  таланттар  мен  дарындарға  ие бір  отбасының ,  бір  дененің    мүшелері.

«Бірақ  Оны  қабылдап,  Оған  сенім  артқандардың  бәрін  Ол  Құдайдың  рухани  балалары  болуға  құқықты  етті»  ( Жохан 1:12)

«Ал  сендер  өздеріңді  қара  түнектен  тамаша  нұрына  шақырған Құдайдың  қасиеттілігі мен ұлы  істерін  мадақтап  жариялауға  таңдалған  нәсілісіңдер.  Патшаның  діни  қызметкерлері,  Оған  бағышталған  қасиетті  ұлт-  Құдайдың  меншікті  халқы  болдыңдар!  Бір  кезде  біртұтас  халық  емес  едіңдер,  ал  қазір  Құдайдың  халқысыңдар.  Бір  кезде Оның  қайырымдылығын  білмеген  едіңдер,  ал  қазір  қайырымына  бөлендіңдер»  ( Петірдің  1-хаты  2: 9-10).

Адам  Құдаймен  татуласатын   және  құтқарылу  мен  мәңгілік  өмірге  сенетін  болса,  ол  Құдайдың  отбасының    және  Құдайдың  халқының  бір  мүшесі   болады ,  ал  сенушілердің  осындай    жиналыстары  Қауым  деп  аталады.

Иеміз   Иса  Мәсіх  Өз  Қауымы   үшін  жанын  қиды, солай  Өзінің  сүйіспеншілігін  көрсетті. Құдайдың  Қауымға  деген  көзқарасын , сонымен  бірге күйеу  жігіт  пен  қалыңдықтың, күйеуі мен  әйелінің  қатынасымен  салыстыруға  болады.

« ..өйткені  Мәсіхтің  сенушілер  қауымының   Басы  болғаны  сияқты,  еркек-  әйелдің «басы».  Мәсіх сенушілерді  құтқарып  алды,  енді  қауым- Оның  рухани  денесі.  Қауымның  Мәсіхке  мойынсұнғанындай,  әйелдер  де  барлық  істе  күйеулеріне  мойынсұнға  тиіс. Күйеулер  ,  Мәсіх  қауымды  қалай  сүйсе,  сендер  де  әйелдеріңді  солай  сүйіңдер:  Мәсіх  қауым   үшін  жанын  қиды  ғой»   Ефестіктер 5:23-25.

Альфа  бағдарламының  осы  тақырыбында   қатысушылар  Қауым  жайлы ,  Құдай  қалай   және  не  үшін  Өзінің  халқын  таңдайды  және  оларды  қалай  Өз  отбасына  қабылдайды  деген  сұрақтарды,  ,  ең  бастысы  Қауымның  басты міндеті мен қызметі  жайлы ,  Қауымның  мүшелерінің  қарым — қатынастары  , әрине  Иса  Тәңіріміздің  Өз  Қауымымен  қарым- қатынасы  жайлы  нақтырақ  білетін  болады.

Свидетельства

Альфа курстарының тақырыптары

Тема №1

ИСА МАСИХ КІМ?

Тема №2

ИСА НЕ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛДЫ?

Тема №3

МЕН ӨЗ СЕНІМІМЕ ҚАЛАЙ СЕНІМДІ БОЛА АЛАМЫН?

Тема №4

Киелі Кітапты не үшін және қалай оқимын?

Тема №5

Қалай және не үшін сиынамын?

Тема №6

Құдай бізді қалай жетелейді?

Тема №7, 8, 9, 10

Киелі Рух жайлы!

Тема №11

Мен қалай зұлымдыққа қарсы тұра аламын?

Тема №12

Басқаларға не үшін және қалай айтамын?

Тема №13

Құдай бүгінгі күні сауықтыра ма?

Тема №14

Қауымға деген көзқарасың қандай?

    Қазақ тіліндегі Альфа-курс жексенбі күні сағат 12.00-де 24 кабинетте өтеді.

    Шіркеу мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 159-В үй