Зачем умер Иисус

Тема 2

ИСА НЕ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛДЫ?

Мәсіхшілер Иса Мәсіхтің өліміне неге сонша қатты көңіл бөледі? Оның өлімі мен кез келген басқа адамның немесе соғыста өлген батырдың өлімінің қандай айырмашылығы бар? Ол неге құрбан болды? Оның өлімімен неге қол жетті? Жаңа Өсиеттегі Ол «біздің күнәларымыз үшін құрбан болды» деген сөз нені білдіреді?

Елші Пауыл Римдіктерге жазған хаттың 3:23-де былай деп айтады: «бәрі де күнә жасап, Құдайдың өздеріне белгілеген ұлылығынан құр алақан қалды».

Құдайдың заңы мен өсиеттерінің аясында біз бәріміз кемелсізбіз және күнәкармыз. Күнәнің басты себебі- бұл Құдаймен қарым – қатынастың үзілуі ( Жаратылыстың басталуы 3-тарау), жасаған күнәсінің нәтижесінде адам Құдайдан бөлініп, күнәмен арамданды.

Иса: «..кім күнә жасаса, сол күнәнің құлы» дейді. (Жохан 8:34). 

Және біз күнәнің күші бар екенін түсінеміз.

Күнә – бұл Құдайдың өсиеттерін бұзу.
Қылмыс – бұл елдің заңын бұзу.
Әр адамда ар – ұяттың сезімі бар, сондықтан біз қылмыстың жазасы болуы керек деп ойлаймыз, сол сияқты күнәнің де жазасы болуы керек. Елші Пауыл:

«Күнәнің беретіні рухани өлім..» дейді (Римдіктерге жазған хат 6:23).

Елші Пауылдың айтып отырған өлімі тәндік өлім ғана емес, рухани да өлім, яғни, Құдайдан мәңгілік ажырау және Құдай мен адамның арасындағы қарым – қатынастың үзілуі.
Мәсіхшілік жайлы Ізгі хабар -бұл Құдайдың адамзатты сүйетіндігі, адамдары мына күнәкар , тәртіпсіздікке толы , Құдайсыз әлемде жалғыз қалдырмағаны жайлы.
Құдай жер бетіне Исаның бейнесінде келді де, біз үшін өліп, біздің жазаларымыз бен күнәларымыздың қарғысын мойнымен көтеріп, бізді Өзінің қасиетті қанымен құтқарып алды (Қорынттықтарға жазған 2- хат 5:21).

«Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық. Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты» (Ишая 53:5-6).

Айқыш ағаштағы Иса Мәсіхтің құрбандығы арқылы Құдай зұлымдықтың күшін қарусыздандырған Өзінің шартсыз кешірімді сүйіспеншілігін көрсетті (Қолостықтар 2:15).
Өлім мен қара күштер жеңліс тапты, құлдықтан бостандық келді және Құдаймен қарым – қатынасты қалпына келтіру мүмкіндігі сыйға берілді.

Альфа бағдарламаның осы тақырыбында Жазбаны , тарихи фонды, Исаның айқышқа шегеленуі және Оның өлімі мен қайта тірілуінің себебін тереңірек түсінетін мүмкіндік бар.

Свидетельства

Темы Альфа-курсов

Тема №1

Кто такой Иисус

Тема №2

Зачем умер Иисус

Тема №3

Как я могу быть уверен в своей вере

Тема №4

Зачем и как читать библию

Тема №5

Как и зачем мне молиться

Тема №6

Как Бог направляет нас

Тема №7, 8, 9, 10

О Святом Духе

Тема №11

Как я могу противостоять злу

Тема №12

Зачем и как говорить другим о своей вере

Тема №13

Исцеляет ли Бог сегодня

Тема №14

Что в отношении Церкви

    Выберите тип курса:

    Для взрослых Альфа-курс проходит в ВОСКРЕСЕНЬЕ на 3 этаже Альфа зала в 12.00 часов.

    Молодежный Альфа-курс проходит по ПОНЕДЕЛЬНИКАМ на 2 этаже в 19.00 часов.

    Альфа-курс на казахском языке проходит в ВОСКРЕСЕНЬЕ в 24 кабинете в 12.00 часов.

    Адрес Церкви: г. Алматы, проспект Абая, дом 159-В